Пятница, 17.05.2024, 08:44
Главная
Регистрация
Вход
Мой сайт
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Форма входа
Главная » 2012 » Декабрь » 6 » ӘЛЕМДЕ ТАЛАЙ ҚЫЗЫҚ БАР
00:42
ӘЛЕМДЕ ТАЛАЙ ҚЫЗЫҚ БАР

ӘЛЕМДЕ ТАЛАЙ ҚЫЗЫҚ БАР

 

    ЕҢ ІРІ ТЕҢІЗ ЖЫРТҚЫШЫ

    Ғалымдар Жер бетінде өмір сүрген ең ірі теңіз жыртқышын анықтады. Перу аумағынан 13 млн жыл бұрын тіршілік еткен кашалоттың бас сүйегі табылды. Nature журналының мәліметінше, палеонтология ғылымы Оңтүстік Америка жағалауларында ірі теңіз жыртқыштарының болғанын бұрыннан болжайтын. Ол туралы Герман Мелвилдің «Моби Дик» романында да айтылады. Табылып отырған бас сүйектің ұзындығы 3 м, тістері 36 см болады. Мамандар бұған қарап, жануардың тұла бойының 17 м болғанын айтып отыр. Мұның алдында ғалымдар ұзындығы 15 метрге жететін теңіз рептилиясының сүйектерін тапқан еді. Жыртқыштығы жөнінен тиранозаврдан басым түсетін жануар мұхитта 147 млн. жыл бұрын өмір сүрген көрінеді.

     БАКТЕРИЯ ИІС СЕЗЕДІ ЕКЕН
    Бактериялар өзіне қажет орындарды иісі арқылы сезіп табады екен. Микроағзалардың иіс сезгіштігі жайлы ғылыми жаңалық Science Signaling журналында жарияланды.
Ғалымдар жеті жыл бойы бактериялар мен архейлердің (біржасушалы ағзалар) 450 тобының геномдарына талдау жүргізген. Нәтижесінде микроағзалардың тең жартысының ДНК-сында химиялық заттардың иісіне қарай қозғалуға себеп болатын гендердің бары анықталды. Бұдан шығатын қорытынды: бактериялар өміршең және өзіне қажетті нысандарды қалайда табады.

    9 МИЛЛИАРДҚА ЖЕТЕМІЗ
   2050 жылға қарай Жер бетіндегі халықтың саны 9 миллиардқа жетеді. БҰҰ-ның «Әлемдік экономикалық және әлеуметтік жағдайға шолу, 2010 жыл: әлемдік дамуды қайта жабдықтау» атты баяндамасында осындай болжам жасалды.
Мамандардың мәліметінше, дүниежүзінің халқы жыл сайын 70 млн. адамға көбейіп келеді. Экономикалық процестердің дамуы да қарқынды. 2050 жылға қарай әлемдік экономика 9 миллиард халықты лайықты өмірмен қамтамасыз етуге қауқарлы болуы тиіс. Өйткені халық саны осынша адамға жетеді және оның ішінде қала тұрғындарының саны 70 пайызға ұлғаймақшы. Прогресс қазірдің өзінде өлім көрсеткішінің азаюына ықпал ете бастады. Мамандар 40 жылдан соң дамыған елдердің әрбір төртінші және үшінші әлемнің әрбір жетінші тұрғынының жасы 65-тен жоғары болады деп болжайды. Айта кетейік, бүгінде біздің ғаламшарда 6,8 млрд адам өмір сүріп жатыр.

    ҚАРА ҚҰРЛЫҚ ҚАҚ БӨЛІНБЕК
   Жер бетінде тағы бір мұхит пайда болып, Африка құрлығы қақ бөлінеді. Лондондағы Корольдік қоғамның ғалымдары осындай сенсациялық болжамды жария етті. Зерттеу тобының жетекшісі, ғалым Тим Райттың мәліметінше, Эфиопиядағы Афар аймағында бірте-бірте мұхит қордаланып келеді. Алдағы миллион жыл ішінде үлкен су Африка құрлығын ортан белінен екіге жаруы мүмкін. Афар аймағындағы географиялық өзгеріс соңғы бес жыл ішінде байқала бастаған. Жер өзінен-өзі опырылып, аймақтың біраз бөлігін су басыпты. Ал кейбір ғалымдардың болжамы бұдан басқаша. Олар Эфиопия мен Сомали мемлекеттері аумағында қалыптасып келе жатқан жаңа сулы өлкенің кейін Үнді мұхитына қосылып, бұл жерде үлкен арал құралатынын айтады.

    ЖЕРДЕГІ АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ ҮЗДІКСІЗ ЖОҒАРЫЛАП БАРАДЫ

    Өткен мамыр айында Жер бетіндегі жалпы ауа температурасы 1880 жылдан бері тұңғыш рет максималды көрсеткішке жеткен. Ғасырдан астам уақыт ішінде ғаламшарымыздағы температура үздіксіз жоғарылап келе жатыр. Бұл мәліметті АҚШ-тың Мұхиттық және атмосфералық зерттеулер ұлттық басқармасы мамандары жария етті.
    Климатологтердің мәліметінше, мамыр айында ғаламдық температура 14,8 градус болып, ол орташа деңгейден 0,69 градус цельсийге жоғарылаған. Бұл – ХХ ғасырдағы бұрын-соңды байқалмаған көрсеткіш. Күн күрт ысыған мамыр айында Арктикадағы мұздың ауданы 13,1 млн шаршы шақырымды құрап, бұл 1979-2000 жылдардағы орташа көрсеткіштен 3,7 пайызға аз, яғни ғаламдық жылынудың әсерінен соңғы онжылдықта мұздар 50 пайызға жылдам еріген. Мамандардың мәліметінше, ауаның күрт ысуынан болған ең үлкен климаттық ауытқулар Солтүстік және Оңтүстік Американың шығыс жақ бөлігінде, Азияның оңтүстігі мен Еуропада байқалыпты.

    СУ АСТЫНДАҒЫ ТОЙ
   Италияның Каполивери қаласында үйлену тойы су астында өтті. 261 адам қатысқан той Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Халықаралық ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, дәл мұндай той бұрын-соңды болған емес. 37 жастағы Виола Франческа Коломба мен 33 жастағы Джампьеро Джанноккаро үйлену тойын су астында өткізуді ұйғарыпты. Бірақ тойдың қандай суқоймада болғаны жария етілген жоқ. Некелесу тойына 261 адамның бәрі гидрокостюм киіп келді. Күйеу жігіт су өткізбейтін смокинг кисе, қалыңдықта вуалі бар ақ түсті гидрокостюм болды.


    ЖАМАНДЫҚТЫ ҰМЫТТЫРАТЫН ДӘРІ
   Пуэрто-Рико университетінің ғалымдары негативті жайларды ұмыттыратын дәрі ойлап тапты. Ол, негізінен, түрлі фобиямен ауыратын адамдарға қолданылмақшы.
    Фармакологтардың айтуынша, таблеткалардың әсерін анықтау үшін ең әуелі тышқандарға сынақ жүргізілді. Дәрігерлер дыбысы зорайтылған ырғақты әуенді ойнатып, тышқандарды токпен ұрған. Тәжірибені бірнеше рет қайталағаннан кейін осы әуен естілген кезде, кеміргіштер токпен ұрмай-ақ есінен айырылып, қимылсыз қалу рефлексіне ие болады. Ал жаңа препаратты қолданған кезде тышқандар әуеннің дыбысына ешқандай реакция білдірмеген. Пуэрториколық мамандардың мәліметінше, жаңа антибиотиктерді зорлық-зомбылық пен түрлі апат құрбандарына және соғысқа қатысқандарға қолдануға болады. Дәрі мидың қорқыныштармен күресуге жауапты жасушаларын дамытады, алайда оның жүйке жүйесіне еш әсері жоқ.

    ФУТБОЛ КӨРЕМІН ДЕП ӘЙЕЛІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
    Оңтүстік Африка Республикасында өткен футболдан әлем чемпионаты әнші Робби Уильямстың отбасына кикілжің алып келді. Чемпионат басталғалы достарымен теледидар алдынан шықпай қойған оны болашақ жары, актриса Айда Филд тастап кетті.
    Болашақ жары дейтініміз, Робби мен Айда әлі некелесе қоймаған болатын. Олардың үйлену тойы осы жылдың соңына жоспарланған. Әншімен жанжалдасып қалған актрисаның айтуынша, Робби соңғы күндері оған мүлдем көңіл бөлмей қойған. Тіпті достарымен бір бөлмеге қамалып алып, футболды талқылаумен уақыт өткізетінді шығарды. «Олардың айқай-шуы, вувузеланың ызылы жүйкемді жұқартып бітті. Мен футболды мүлдем түсінбеймін. Чемпионат аяқталғанша, анамның үйінде өмір сүруіме тура келеді», – дейді актриса. Айта кетейік, Робби Уильямс – ағылшын құрамасының жанкүйері. Оның актер Расселл Брэндпен бірге жазған Three Lions әні британдық команданың бейреcми әнұраны саналады.

 

    ПИЯЗ ҚАРТАЮДЫ ТОҚТАТАДЫ
    Жапон ғалымдары пияздың керемет қасиетін анықтады. Бұл көкөніс адам миындағы жасушаларды қалпына келтіріп, қартаю процесін тоқтата алатын көрінеді. Ғалымдардың мәліметінше, шалқан тәрізді пияз бірыңғай белсенді күкірт қосындыларынан тұрады. Бұл химиялық зат ағзаға, қан тамырларына жылдам сіңіп, мидағы шешуші аймаққа оң әсерін тигізеді. Пияз құрамынан бөлінген белсенді элементтердің ықпалымен жасушалар жасарып, адамның есте сақтау қабілеті жетіледі, көңіл күйі көтеріңкі болады. Мұндай эмоционалды жағдай ағзаны кәрілікпен байланысты процестердің негативті әсерлерінен қорғайды. Айта кетейік, былтыр француз ғалымдары пияз бен сарымсақтың әйелдерді сүт безі қатерлі ісігінен қорғай алатынын зерттеу жүзінде дәлелдеген болатын.

    КҮН ӘН САЛА АЛАДЫ
    Тарихта тұңғыш рет Күннің әуені жазып алынды. Алып планетаның сыртқы атмосферасының магнитті өрісінен бөлінетін дыбыстарды таспаға түсірген – Ұлыбританияның Шеффилд университетінің астрономдары.
Мамандардың мәліметінше, Күннен әуен бөлінетіні рас және ол бұрыннан сөз болып келе жатыр. Күннің сыртқы атмосферасындағы корональды сақиналар вибрацияға ұшырайды. Осының әсерінен әдемі әуен естіледі. Астрономдар спутниктік бейнетүсірілім арқылы Күн музыкасын таспаға жазып алып, оның жиілігін адам ести алатындай деңгейге жеткізді. Ғалымдардың айтуынша, Күннен бөлінетін әуен шекті және үрмелі музыкалық аспаптың үніне ұқсас.

Просмотров: 4069 | Добавил: otegenov | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 KeithFruff  
0
Слушай, компаньон! Я в курсе, что ты раздумываешь, для чего тебе лазить по нашему веб-сайту, хотя давай-ка я расскажу для тебя почему это круто, а?
<a href=https://www.555.md/index.php?tp=10&bid=486212>https://www.555.md/index.php?tp=10&bid=486212</a>





Во-первых, тут ты посчитаешь вагон полезной инфы! Что бы ты ни искал - от советов по саморазвитию до лайфхаков для совершенствования быта - у нас все есть, собственно что тебе нужно для развития и вдохновения.

Хотя далеко не все! У нас тут целое объединение, как клуб "Без Карантина", где тебе предоставляется возможность знаться с крутыми ребятами, делиться своими идеями и получать поддержку в любой ситуации.

А еще на нашем веб-сайте всегда что-нибудь случается! Промоакции, конкурсы, онлайн-мероприятия - в общем, все, чтобы ты не соскучился и всегда оставался в курсе самых свежих тенденций.

И, старина, не тяни кота за хвост! Загляни на наш сайт и давай вместе развиваться, знаться и веселиться! Я не сомневается, ты тут найдешь для себя по-настоящему крутых друзей и море позитива!

Имя *:
Email *:
Код *:
Календарь
«  Декабрь 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Архив записей
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4
Мини-чат
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0

    | Copyright MyCorp © 2024 | |